Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегім елжіреді": Балаларын қыстыгүні велосипедпен тасыған қызылордалық әкеге халық көлік сыйлады

Опубликовано:

Балаларын велосипедпен тасыған әке
скриншот: Instagram/Dauletten

Әлеуметтік желіде екі баласын велосипедке отырғызып, мектепке апарған әкенің видеосы тарап кетті. Қыс мезгілінде балаларын велосипедпен тасыған азаматтың бұл әрекеті көпшілік көңілін елжіретті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кейін белгілі болғандай, бұл видео 2020 жылы Қызылорда қаласында түсірілген. Қанат есімді тұрғын балаларын күнделікті сабағына велосипедтен тасып келген. Ол ұлын велосипедтің алдына, қызын артқы жағына отырғызып, мектебіне жеткізуді күнделікті әдетке айналдырады.

Екі жыл бұрын түсірілген видео жақында ғана әлеуметтік желіге жүктеліп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Балалары үшін барын салған әкеге ақша жинап, үй немесе көлік әперу туралы ұсыныстар айтыла бастайды. Осы тұста қызылордалық КВН жұлдызы Асылхан Дүкенбаев халықтан жиналған ақшаға су жаңа көлік алып, кілтін екі балалы әкеге табыстады.

"Әлгі видеоны алғаш рет әлеуметтік желіден көргенде, ашуланғаным рас. "Кім салып жіберді? Не үшін салды?" деген ойдың болғаны рас. Бірақ уақыт өте келе, көңілім жібіді. Осы уақытқа дейін әйелім екеуміз ешкімге қол жайған емеспіз. Қазіргі жағдайымызға шексіз шүкір етеміз. Бізден да жаман, тележканың үстінде күнелтіп отырған отбасыларды көрдім. Оның қасында біздің жағдайымыз әлдеқайда жақсы. Анаммен ақылдастым, бізге үй әперудің қажеті жоқ. Халықтан ақша жинауға қарсы болғам. Алайда, жігіттер көндіріп, бұл балаларымның несібесі, халықтың ықыласы екенін айтты", - дейді Қанат.

Асылхан Дүкенбаев халықтан жиналған қаражатқа салоннан су жаңа көлік әперді. Сондай-ақ, қалған қаражатты олардың отбасына табыс етті. Осы сәтте екі балалы қуаныштан көзіне жас алып, көпшілікке алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955873-zuregim-elziredi-balalaryn-qystyn-kuni-velosipedpen-tasygan-qyzylordalyq-akege-xalyq-kolik-syilady/

pixel