Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өрт сөндіру қызметкері жазылудан бас тартқан ведомстволық журналдың атауы қазақшаланды

Жарияланған күні:

Өрт сөндірушілер.
Өрт сөндірушілер. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Атауы орыс тілінде болғандықтан өрт сөндіру қызметкерлері жазылудан бас тартқан ведомстволық журналдың аты қазақшаланды. Бұл туралы журналист Кенжегүл Тергембай өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Былтыр жыл соңында елордадағы өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Бақыт Сырғабековтың жазбасы Facebook-тегі пабликтердің бірінде пайда болған еді. Офицер онда ведомстволық "Пожарный и спасатель Казахстана" журналына жазылудан және өзі басқарып отырған жеке құрамға үгіт-насихат өткізуден бас тартатынын жазып, оның себебін түсіндірген.

Бақыт Сырғабековтың бұл жазбасы желі қолданушыларының қолдауына ие болған еді.

"Ол дегеніне жетті. Осы жылдың басынан бастап журнал "Қазақстан құтқарушылары" деген атаумен шығатын болды. Құтты болсын, қазақ елі. Бақыт Қаржаубайұлы сияқты намысты жігіттер көп болсын", - деп жазды журналист Кенжегүл Тергембай.

Айта кетейік, ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли өткен жылдың соңында портал тілшісіне журнал атауын өзгерту мәселесі алдағы уақытта қаралатынын жеткізген болатын. Аталған ведомстволық журнал қазақ және орыс тілінде шығады. Талғат Уәлидің сөзінше, басылым ақпарат министрлігінің талаптарына сай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955902-ort-sondiru-qyzmetkeri-zazyludan-bas-tartqan-vedomstvolyq-zurnaldyn-atauy-qazaqsalandy/