Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстан "қызыл" аймақтан шықты

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал жақсарып, еліміз "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында.

14 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;
  • "жасыл" аймақта Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары тұр.

Жалпы алғанда, Қазақстан "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өткен.

Айта кетсек, өткен тәулікте елімізде тағы 1311 қазақстандықтан коронавирус анықталған болатын. Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 291 220-ға жетіп отыр.

Соңғы мәлімет бойынша, елімізде 53 977 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 7 174 пациент стационарда, 46 803 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

350 адамның жағдайы ауыр, 144 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 97 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955943-koronavirus-qazaqstan-qyzyl-aimaqtan-syqty/

pixel