"30 градус аяз": Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады
Опубликовано:
"Қазгидромет" РМК 15-17 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің солтүстігінде күн айтарлықтай суытады.
Өңірде қатты қар жауып, 15-ші және 16-шы ақпанға қараған түні 18-23 градусқа дейін, кейбір аудандарда 27 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.
Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында да 17 ақпан күні жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендеуі ықтимал.
Атап айтқанда, шығыста 25-30 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 20-25 градусқа дейін аяз күтіледі.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің 10 өңірінде дауылдық ескерту жариялаған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1955989-30-gradus-ayaz-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/