jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Қалың қар, жел, боран": Еліміздің он өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Көрнекі фото
Көрнекі фото: Pixabay.com

Ертең, 14 ақпан, дүйсенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде қар, боран, көктайғақ болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазгидрометтің" ресми сайтында еліміздің он өңірінде ауа райы бұзылатыны хабарланып, дауылдық ескерту жарияланған.

14 ақпанда Ақтөбе облысының түнде облыстың онтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында солтүстік-батыстан жел соғады. екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Ақмола облысында оңтүстік-шығысында, орталығында қатты қар жауады. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады.

14-15 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында қатты жел соғуы ықтимал.

Түркістан облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарда көктайғақ орын алады. Батыстан, солтүстік-батыстан қатты жел соғады.

Түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

14 ақпанда Қостанай облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Екпіні қатты жел соғады.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз қатты қар, бұрқасын, түнде тұман күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, күндіз облыстың орталығында қатты қар күтіледі.

Қарағанды қаласы мен Жезқазғанда бұрқасын жауып, жел соғады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

"Қалың қар, жел, боран": Еліміздің он өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.