Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда Жайық өзені маңынан қару-жарақ табылды

Опубликовано:

Жайық
Фото: atr.kz

Атырауда Жайық өзенінің жағасынан қару мен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласының тұрғыны өзен жағасынан қапшыққа салынған қаруға ұқсас зат тауып алған.

"Атырау қалалық полиция басқармасының 102 желісіне 12 ақпанда сағат 12:52 шамасында шаһар тұрғынынан хабар түсті. Тұрғын Жайық өзенінің жағалауында ақ түсті қапшыққа оралған қару тәріздес зат пен оқ-дәрілерді көрген. Осыған орай жедел тергеу тобымен оқиға орнында тексеру жүргізді. Жайық жағалауынан табылған қапшықта қос ауызды тегіс ұңғылы қару мен оқ-дәрілер болғаны аныкталды", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабымен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері тергеп-тексеру жргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956487-atyrauda-zaiyq-ozeni-manynan-qaru-zaraq-tabyldy/

pixel