Baby boom: Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша рекорд жаңарды
Жарияланған күні:
Қазақстанда 2021 жылы 450 652 нәресте өмірге келген. Осылайша, 2020 жылғы рекорд жаңарып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы елде 450 652 бала дүниеге келген.
Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 25 мың сәбиге немесе 5,9 пайызға көп.
2021 жылы 1000 адамға шаққандағы бала туу коэффициенті 23,41 болған. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 22,40 болған еді.
Айта кетейік, бұған дейін 2020 жылы бала туу бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелген болатын. Сол жылы Қазақстанда 425 618 нәресте өмірге келген.
Еске сала кетсек, 2021 жылы Қазақстан халқының саны 246 мың адамға өсіп, жалпы халық саны 19 125 620 болғанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956543-baby-boom-elimizde-bala-tuu-korsetkisi-boiynsa-rekord-zanardy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.