Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жасөспірімдерге арналған "Спутник М" вакцинасы тіркелді

Опубликовано:

Екпе
Фото: ДСМ ресми сайты

2022 жылдың 19 ақпанында ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті "Гам-КОВИД-Вак-М" дәрілік затына 8 ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін берді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты.

Гам-КОВИД-Вак-М - SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған векторлық вакцина, бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді, компоненті I-0,5 мл/доза + компоненті II-0,5 мл/доза, Ресейде өндірілген.

Вакцина Қазақстан аумағында коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2022 жылғы 10 ақпандағы хаттамасының және "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының" қорытындысы негізінде тіркелді.

"Спутник-М" 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған.

"Спутник М" вакцинасының "Спутник V-дан" айырмашылығы - құрамында аденовирустық бөлшектер концентрациясының бес есе төмен болуы. Ересектерге арналған дозамен салыстырғанда мұндай доза жасөспірімдердің иммунитетіне әлдеқайда аз салмақ түсіреді.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 483 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 299 566-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 2243 адам коронавирустан жазылып шыққан. 22 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір елімізде 30 846 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 4 198 пациент стационарда, 26 648 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 230 адамның жағдайы ауыр, 103 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Тағы 85 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957303-qazaqstanda-zasospirimderge-arnalgan-sputnik-m-vakcinasy-tirkeldi/

pixel