Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

22.02.2022: Бүгінгі ерекше датада елордада 240-қа жуық жұп заңды некеге тұрған

Опубликовано:

Той
Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін, яғни 2022 жылдың 22 ақпанында Нұр-Сұлтанда 240-қа жуық жұп заңды некеге тұрды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі ерекше датада некеге тұрғысы келген елордалық жұптардың қарасы қалың болған. Олар таңертеңнен бастап АХАТ-тың елордалық бөлімдерінде тізіліп тұрған.

Нәтижесінде бүгін Нұр-Сұлтанда кешке дейін 240-қа жуық жұптың заңды некесі қиылған.

Есіл ауданы әкімдігінің АХАТ бөлімінің басшысы Раушан Зарированың сөзінше, сандар сәйкес келетін мұндай ерекше күндер жас жұбайлар арасында үлкен сұранысқа ие.

Әкімдіктің дерегінше, соңғы жылдары елордада ресми түрде некесін тіркейтін жаңа отбасылардың саны үнемі өсіп келеді. Мәселен, 2020 жылы 9 571 жұп заңды некеге тұрса, 2021 жылы – бұл сан шамамен 12 мыңға дейін өскен.

Ал мамандардың айтуынша, қазіргі жастар некеге тұруға және отбасын құруға жауапкершілікпен, саналы түрде қарайды.

Бүгінгі таңда жас жұбайлардың орташа жасы 26-28 жас, ал 4-5 жыл бұрын 22-23 жасты құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957362-22022022-bugingi-erekse-datada-elordada-240-qa-zuyq-zup-zandy-nekege-turgan/

pixel