Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шулы оқиғадан кейін Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы ауысты

Жарияланған күні:

Шымкент ПД басшысының қызметіне Ұлықбек Мылтықбеков тағайындалды
Фото: https://www.instagram.com/police_shymkent

Шымкент қаласының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы болып Ұлықбек Мылтықов тағайындалды. Бұл туралы Шымкент ПД ресми Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлықбек Мылтықов 1975 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Ішкі істер органдарында 1996 жылдан бастап қызмет етеді.

Орта және аға басшы құрамның әртүрлі лауазымдарында қызмет атқарған.

2018 жылдан бастап Түркістан облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасын басқарған.

Еске салсақ, оның алдында Шымкент ЖПҚ басқарма басшысы лауазымын Мұхтар Бұхарбаев атқарған еді. Ол дау-дамайдан кейін қызметін босатқан болатын.

Қаңтар айында әлеуметтік желілерде Бұхарбаевтың қол астындағы қызметкер видео арқылы мәлімдеме жасаған. Кадрларда полиция қызметкері бастығының өзін қымбат киім сатып алуға мәжбүрлегенін айтты.

Сондай-ақ, аталған видеоүндеуге қатысты Шымкент полиция департаменті пікір білдірді. Ведомставода Бұхарбаевтың ісіне қатысты тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады. Ал Ішкі істер министрлігіне оны лауазымынан босату туралы ұсыныс жолданған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957426-suly-oqigadan-keiin-symkent-qalalyq-zergilikti-policiya-qyzmetinin-bassysy-auysty/