Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бастық қымбат заттар алуға мәжбүрледі": Шымкенттік полицей мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Полиция
Видеодан кадр: t.me/kozachkow

Әлеуметтік желіде өзін Шымкентте рота командирімін деп таныстырған азамат мемлекет басшысы мен Ішкі істер министріне жанайқайын жеткізді. Оның сөзінше, бастығы қымбат заттар алуға мәжбүрлеген. Ер адамның мәлімдемесіне қатысты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шымкенттік полиция қызметкерінің видеоүндеуі Kozachkov offside Telegram каналында жарияланды. Ол жергілікті полиция қызметі бастығының үстінен шағымданған.

"Мен полиция офицерімін, Шымкент полиция департаментінің рота командирімін. Мен Ішкі істер министрлігіне жергілікті полиция қызметінің бастығы мені өзіне қымбат заттар алуға мәжбүрлегені туралы баянат жолдадым. Айғақтарды тергеуге бердім. Алайда ол әлі күнге дейін өзінің жұмыс орнында отыр. Мұны қалай түсінуге болды?", - дейді видео авторы.

Сонымен бірге, тәртіп сақшысы арызын алу үшін ақша ұсынып жатқанын да хабарлады.

Аталған видеоүндеуге қатысты Шымкент полиция департаменті пікір білдірді.

"Шымкент қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бұхарбаевқа қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігіне оны лауазымынан босату туралы ұсыныс жолданды", - деп хабарлады ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951895-bastyq-qymbat-zattar-aluga-mazburledi-symkenttik-policei-malimdeme-zasady/

pixel