Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинаға әуе рейстерінің тоқтатылуына байланысты Азаматтық авиация комитеті жедел желіні іске қосты

Опубликовано:

ұялы
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің Азаматтық авиация комитеті Telegram каналында Украинаға әуе рейстерінің тоқтатылуына байланысты жедел желі қызметі іске қосылғанын хабарлады.

"Украинадан келетін және бұл елге баратын рейстердің тоқтатылуына байланысты ИИДМ Азаматтық авиация комитеті "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ базасында жолаушыларға кеңес беруге арналған жедел желі қызметін іске қосты", - деп хабарлады ведомстводан.

Жолаушылар келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады: +7 7172 798213, +7 7172 798215.

Сонымен қатар, ведомство Call-орталық 2022 жылғы 5 наурызға дейін күн сайын сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейтінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957651-ukrainadagy-axual-azamattyq-aviaciya-komiteti-zedel-zelini-iske-qosty/

pixel