Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан елшілігі Украинадағы азаматтарды эвакуациялауды қамтамасыз етуде

Опубликовано:

көк ту11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстанның Киевтегі елшілігі отандастарымызды эвакуациялауды қамтамасыз етуде. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі Telegram каналында хабарлады.

Украинадағы қазақстандықтар Қазақстан елшілігіне Киев қаласы, Ильенко көшесі, 26-үй мекенжайы бойынша және +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58 "жедел желі" нөмірлері арқылы хабарласа алады.

"Отандастарымыз Харьков (келесі консулдық аймақтарын қамтиды – Харьков, Сумы және Полтава облыстары), Львов (Волынская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Ровненская, Тернопольская, Хмельницкая, Черновецкая және Львов облыстарын қамтиды), Одесса (Николаевская, Херсонская және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан ҚР Құрметті консулдарының кеңселеріне жүгіне алады", - дейді министрліктен.

Сонымен қатар, ведомство Сыртқы істер министрлігінде азаматтар хабарласуы үшін "жедел желі" нөмірі (+7 (7172) 72-06-06) іске қосылғанын мәлім етті.

Ал Қазақстанның Украинадағы құрметті консулдарымен төмендегі мекенжай және телефон нөмірлері бойынша байланысуға болады:

Қазақстанның Днепрдегі құрметті консулдығы

  • Құрметті консул Медяник Инна Сергеевна. Консулдық аймағы: Днепропетровская облысы. Мекенжайы: 49000, Украина, Днепр, Дмитрий Яворницкий даңғылы, 22. Телефоны: +38 (098) 222-94-37. Эл.пошта: consul.kz.dp@gmail.com

Львовтағы Қазақстанның құрметті консулдығы

  • Құрметті консул Маслюк Галина Дмитриевна. Консулдық округ: Львовская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Черновицкая, Тернопольская, Хмельницкая, Ровенская және Волынская облыстары. Мекенжайы: 79016, Украина, Львов қаласы, Замкнен көшесі, 3/1. Телефоны: +38 (032) 240-36-70. Эл.пошта: consul@kazconsul.com.ua

Қазақстанның Одессадағы құрметті консулдығы

  • Құрметті консул Продаевич Сергей Александрович. Консулдық аймағы: Одесская, Николаевская және Херсонская облысы. Мекенжайы: 65007, Украина, Одесса, Пантелеймоновская көшесі, 101/11. Телефоны: +38 (094) 949-27-52. Эл.пошта: consulkzod@gmail.com

Харьков қаласындағы Қазақстанның құрметті консулдығы

  • Құрметті консул Наджафли Эмин Мұса оглы. Консулдық округ: Харьковская, Полтавская және Сумская облыстары. Мекенжайы: 61052, Украина, Харьков қаласы, Полтавский көшесі, 7. Телефоны: +38 (067) 190-77-77. Эл.пошта: consul.kz.kh@gmail.com Веб-сайты: consulkz.kh.ua

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957672-qazaqstan-elsiligi-ukrainadagy-azamattardy-evakuaciyalaudy-qamtamasyz-etude/

pixel