jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Зеленский: Соғыс кезінде президент сайлауын өткізу Украинаны ыдыратумен тең

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Niall Carson/PA Images via Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский елде президент сайлауын өткізу мемлекетті ыдырату қаупін төндіретінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы РБК-Украина басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, журналистермен кездескен Владимир Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізу Украина үшін үлкен қауіп тудыратынын айтты. Қазіргі уақытта дауыс беру үшін қауіпсіз жағдай жасалмаған.

"Егер біз елді ыдыратқымыз келсе, онда соғыс кезінде сайлау өткізуге әрекеттенсек болады", - деді Зеленский.

Оның айтуынша, Украинаны бұған дейін де соғыс кезінде сайлау өткізуге итермелеген. Алайда қауіпсіз және демократиялық дауыс беруді қалай ұйымдастыру керектігі туралы нақты ұсыныстар түспеген.

Зеленский серіктестер тарапынан сайлау өткізудің нақты шарттары ұсынылса, бұл мәселені талқылауға дайын екенін атап өтті. Атап айтқанда, әскери қызметкерлердің, майдан шебіндегі тұрғындардың және соғысқа байланысты шетелге кеткен украиналықтардың дауыс беру мүмкіндігі қарастырылуға тиіс.

Сонымен қатар Зеленский қазіргі уақытта мұндай жағдайдың жоқтығын баса айтты. Себебі Ресей атысты тоқтатуға келіспей отыр.

"Менің ойымша, соғыс кезіндегі сайлау – үлкен тәуекел. Қазір сайлау өткізу – Украинаны ыдырататын цунамимен тең. Сондықтан стратегиям – соғысты аяқтап, тәуелсіз және егемен мемлекетті сақтап қалу. Мен осы стратегияны орындап жатырмын", - деп түйіндеді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін экс-қорғаныс министрі Михаил Федоров Украина тұрғындарына видеоүндеу жолдап, соғыс аяқталмай тұрып президент сайлауын өткізуді ұсынған болатын.

Зеленский: Соғыс кезінде президент сайлауын өткізу Украинаны ыдыратумен тең

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.