Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинада қазіргі таңда қанша қазақстандық бар: СІМ жауап берді

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: Pixabay.com

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазіргі таңда Украина аумағында қалып қойған қазақстандықтардың саны туралы ақпарат берді. Бұл туралы СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Смадияровтың берген ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда Украинаның уақытша консулдық тіркеуінде 517 адам тұр. Олардың қатарында елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, сонымен бірге студенттер мен бизнес өкілдері бар. Тұрақты консулдық тіркеуінде тағы 1113 адам тұр.

"Бірақ бұл сан өзгеруі мүмкін. Қазіргі таңда эвакуацияланғысы келетіндер туралы ақпарат жиналып жатыр", - деп атап өтті СІМ.

ҚР заңдарына сәйкес, өзге елге уақытша тұру мақсатында баратындарға мына санаттағы тұлғалар жатады:

  • Қазақстанның шетелдік мекемелерінің қызметкерлері;
  • шетелдерде уақытша қызмет атқарып жүрген азаматтар;
  • Халықаралық ұйымдардағы қызметі үшін Қазақстанға берілген квоталарға сәйкес бітімгерлік міндетін атқарып жүрген әскери қызметкерлер;
  • оқу, ем қабылдау мақсатында ұйымдардың және жеке тұлғалардың шақыртуымен туристік және жеке сапармен барған, шетелдерде қызметтік сапарда жүрген тұлғалар.

Ал өзге елге тұрақты тұру үшін барғандар санатына біздің елдегі тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркеуден шығып, ішкі істер органдарынан өзге елде тұрақты тұруға рұқсат алған тұлғалар жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957728-ukrainada-qazirgi-tanda-qansa-qazaqstandyq-bar-sim-zauap-berdi/

pixel