Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялаған алғашқы әуе кемесі Польшадан ұшып шықты

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялаған алғашқы рейс Польшадан ұшып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Азаматтық авиация комитетінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Борт Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:25-те Катовицеден ұшып шықты. Бортта 175 жолаушы, оның ішінде 169 ересек, 6 сәби бар", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Берік Уәли президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялауға қатысты жағдайды жіті қадағалап отырғанын хабарлаған еді.

Оның сөзінше, бүгін, 28 ақпан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевтың азаматтарымызды елге жеткізу үшін қабылданған шаралар жөнінде есебін тыңдады.

"Жалпы Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігінің, елшіліктер қызметкерлерінің және Қазақстанның Украина мен Польшадағы құрметті консулдарының түрлі қиындықтарға қарамай, атқарып жатқан жұмыстарын оң бағалайды", - делінген жазбада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958449-ukrainadagy-qazaqstandyqtar-evakuaciyalangan-algasqy-aue-kemesi-polsadan-usyp-syqty/

pixel