Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тамақтары таусылды": Қоғам белсендісі бірнеше қазақстандық жүк көлігінің Украинадан шыға алмай қалғанын айтты

Опубликовано:

Жүк көліктері
Видеодан кадр: Facebook/Кирилл Павлов

"Қазавтожол" АҚ қоғамдық кеңесінің мүшесі, журналист Кирилл Павлов Украина аумағында қалған қазақстандық жүк көліктерінің жүргізушілеріне көмек ұйымдастыруда. Бүгін қоғам белсендісі тағы бірнеше жүк көлігінің елге жете алмай отырғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кирилл Павлов Украина жерінде тұрған жүк көліктерінің елге оралуы жағын ойластырып жатқанын жеткізді. Журналистің сөзінше, ондағы жүк көліктерінің көпшілігі ауылшаруашылығы техникасын алып қайтуға барған.

"Николаевта 2 жүк көлігі тұр, оның біреуі комбайнға арналған құрал-сайман тиеген. Елге қайтатын жол жоқ. Оларды көпірден өткізбеуі де мүмкін. Біз Молдова арқылы шығып кету мүмкіндігін қарастырып отырмыз, бірақ ол жақтан әрі қарай қалай жүру керек екені белгісіз, мүмкін қайтадан Львов арқылы Польшаға өтуге болатын шығар. Қазір қазақстандық көлік жүргізушілерін Николаевта қалған басқа қазақстандықтармен байланыстырудамыз", - дейді ол.

Кирилл Павлов Украина аумағында бұдан бөлек тағы бірнеше көлік тұрғанын, олардың азық-түлігі таусылып жатқанын жеткізді.

"Кировоградтағы зауыт аумағында тағы 3 көлік тұр, тамақтары таусылды, бірақ жүргізушілерді зауыт жұмысшылары тамақтандырады", - деп жазды қоғам белсендісі.

Айта кетейік, кеше Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтардың алғашқы легі Алматыға келді. Барлығы - 175 жолаушы, оның ішінде 169 ересек, 6 сәби бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958636-tamaqtary-tausyldy-qogam-belsendisi-birnese-qazaqstandyq-zuk-koliginin-ukrainadan-syga-almai-qalganyn-aitty/

pixel