Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтардың алғашқы легі Алматыға келді (фото)
Опубликовано:

Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген алғашқы рейс Алматыға келді, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті өзінің ресми Telegam-каналында.
28 ақпанда Польшаның Катовице қаласынан 16-25-те ұшып шыққан Air Astana әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы Алматы әуежайнына 22:32-де сәтті қонған.
Бортта 175 жолаушы, оның ішінде 169 ересек, 6 сәби бар.
Оларды әуежайда БАҚ өкілдері мен туған-туыстары күтіп алған.

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, келген жолаушыларға жедел көмек көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда, дер кезінде көмек көрсету үшін әуежайда медициналық мамандар да кезекшілік еткен.

Сонымен қатар, әкімдік эвакуацияланған қазақстандықтар күніне үш рет тамақ берілетін ыңғайлы қонақ үйге орналастырылғанын атап өтті.

"Алматыға келгендердің барлығына уақтылы әрі жан-жақты қолдау көрсетіледі. Қала әкімдігі қажет болған жағдайда медициналық мамандардың қызметін, оның ішінде психологиялық көмек көрсетуге дайын. Қазіргі уақытта Алматыға Украинадан тағы да бір репатриациялық рейс келеді деп күтілуде", - дейді қала әкімдігінен.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958522-ukrainadan-evakuaciyalangan-qazaqstandyqtar-algasqy-legi-almatyga-keldi-foto/