Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда еліміздің өзге облыстарынан келген 25 жеңіл жүрісті қыз ұсталды

Опубликовано:

Жеңіл жүрісті
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда сайт арқылы тәнін жарнамалап, жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен бойжеткен ұсталды. Бұдан бөлек, қалада "Стоп-трафик" іс-шарасы кезінде өзге облыстардан келген 25 арудың заңсыз әрекеті анықталып отыр. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 24 ақпан күні тәртіп сақшылары интернет арқылы боди-массаж бен жыныстық қызмет туралы хабарлама таратқан 21 жастағы бойжеткенді анықтады.

Жеңіл жүрісті қыздың "табысының" 50 пайызын алып отырған 29 жастағы әйел де қолға түсті, дейді полицейлер.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 308-бабыбен (Жезөкшелікпен айналысуға тарту") сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жалпы 21-27 ақпан аралығында Атырауда "Стоп-трафик" іс-шарасы кезінде еліміздің өзге өңірлерінен келген 25 жеңіл жүрісті қыз есепке қойылған.

Осыған сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабы ("Қоғамдық орындарда тиісу") бойынша 34 адамға, 450-бабы ("Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну") бойынша екі тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, қылмыстық кодекстің 134-бабы ("Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту"), 308-бабы ("Жезөкшелiкпен айналысуға тарту") және 309-бабы ("Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") бойынша үш қылмыстық іс қозғалғаны белгілі.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958824-atyrauda-elimizdin-ozge-oblystarynan-kelgen-25-zenil-zuristi-qyz-ustaldy/

pixel