Қарағандыда "Спутник Лайт" вакцинасы шығарыла бастады
Жарияланған күні:
Қарағанды фармацевтикалық кешені ревакцинацияға арналған бір компонентті "Спутник Лайт" вакцинасын шығара бастады. Бұл туралы кешеннің Facebook-тегі ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Гамалея атындағы Ресей ғылыми-зерттеу институтында ревакцинация үшін жасалған препарат Қазақстанда өткен жылы тіркелді. Оның дәлелденген тиімділігі 79,4% құрайды.
Осы вакцинаның валидациялық партиясы ҚФК-де жасалып, сапаны бақылау және Ресейде тіркеуден өту үшін жөнелтілді.
Айта кету керек, дәл осы ҚФК Қазақстанда азаматтарды вакцинациялау үшін COVID-19 вирусына қарсы алғашқы "Спутник V" препаратын шығаруды жолға қойды.
2021 жылдың ақпан айынан бастап пандемия кезінде инфекцияның таралуына қарсы күресу үшін азаматтық айналымға 7 миллион доза вакцина жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтарды "Спутник лайтпен" 2022 жылдың қаңтар айының соңынан қайта вакцинациялай бастады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959049-qaragandyda-sputnik-lait-vakcinasy-sygaryla-bastady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.