Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар ревакцинация жасатқанда "Спутник Лайт" вакцинасын да қолдана алады

Опубликовано:

Спутник Лайт
Көрнекі фото: Lev Vlasov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Қазақстандықтар ревакцинация үшін "Спутник Лайт" вакцинасын да қолдана алады. Вакцина қаңтар айының соңында қолжетімді болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі ресми Telegram парақшасында хабарлады.

Министрлік бүгінгі таңда ел өңірлерінде коронавирус инфекциясына қарсы:

"Спутник V", QazVac, Vero Cell (Sinopharm), Pfizer (балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер үшін) вакцинасы қолжетімді екенін, ал ревакцинация үшін QazVac, Vero Cell (Sinopharm), Pfizer (60 жастан асқан адамдарға) вакцинасы қолжетімді екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ДСМ қаңтар айының соңына қарай "Спутник Лайт" вакцинасын да ревакцинация үшін қолдануға болатынын атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін Алматының бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова оңтүстік астанада коронавирус инфекциясының таралуына қатысты болжамын айтқан еді.

Оның болжамынша, қаладағы COVID-19 толқыны наурыз айында шарықтау шегіне жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951245-qazaqstandyqtar-revakcinaciya-zasatqanda-sputnik-lait-vakcinasyn-da-qoldana-alady/

pixel