Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күдікті 10 минут ішінде ұсталды: Қостанайлық полиция ауыр қылмысты ашты

Опубликовано:

Мужчина держит в руке нож
Иллюстративное фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қостанайда бейнебақылау камераларының көмегімен ауыр қылмыс ашылды. Тәртіп сақшылары танысына пышақ жарақатын салған күдіктіні ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тлшісі.

Полицияға Қостанайдағы Урицкий көшесінің бойындағы үйлердің жанында ер адам пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 36 жастағы жәбірленушіні бірден ауруханаға жеткізген.

Құқық қорғау органдары анықтағандай, екі таныс арасында қақтығыс орын алып, соңы қайғылы жағдайға алып келген.

Ал 38 жастағы ер адам қарсыласына пышақ жарақатын салып, Mercedes көлігіне отырып ізін суытқан.

Арнайы іс-шараларды ұйымдастыру және бейнебақылау камераларын қарау кезінде жедел бөлім орталығының инспекторы автомобиль ағынынан іздестіріліп жатқан көлік құралын байқайды.

Бағдар барлық полиция нарядтарына беріліп, 10 минут ішінде күдікті ұсталды.

Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске салсақ, бұған дейін көлік ұрлап бара жатқан ер адам видеоға түсіп қалған еді.

Бұл жайтқа пікір білдірген Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, белгісіз біреу көлік ұрламақ болған. Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 200-бабында қарастырылған қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959464-kudikti-10-minut-isinde-ustaldy-qostanailyq-policiya-auyr-qylmysty-asty/

pixel