jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Жел, көктайғақ, тұман: Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Тұман
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қазгидромет" РМК 6 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, 6 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қостанай облысының шығысында және орталығында тұман күтіледі.

Қарағанды облысының да солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Одан бөлек, Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың орталығында шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін, өңірдіңң батысында, солтүстігінде 23-28 м/с дейін жетуі ықтимал.

6 наурызда Ақмола облысында да тұман түсуі мүмкін.

6 наурызда Атырау облысының шығысында және орталығында бұрқасын, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Сонымен қатар, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с дейін, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

6 наурызда Ақтөбе облысының шығысында, солтүстігінде және орталығында бұрқасын, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде оңтүстік-батыста соққан желдің күші 25 м/с дейін жетуі ықтимал.

6 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Қызылорда облысының солтүстігінде де көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, 25 м/с дейін жетуі ықтимал.

6 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында кей уақыттарда көктайғақ болуы мүмкін. Сондай-ақ, елордада оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20, 25 м/с дейін жетуі мүмкін.

Жел, көктайғақ, тұман: Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.