Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленскийдің кеңсесі Украина мен Ресейдің үшінші келіссөздерінің мерзімін бекітті

Опубликовано:

Ресей мен Украина тулары
Көрнекі фото: Lori

Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздердің үшінші кезеңі алдағы күндері орын алмақ.

Бұл туралы Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк "Страна.ua" басылымына хабарлады.

"Алдағы бір-екі күнде өтеді. Гуманитарлық дәліздер қалай жұмыс істеп жатқанын бағалап, келіссөздер барысында қажет болса өзгерістер енгізу көзделген", - деп жауап берді Подоляк келесі келіссөздер жайлы сұраққа.

Оның сөзінше, украиналық делегация құрамында өзгеріс болмайды.

Айта кетейік, бұған дейін Владимир Путин де Германия канцлеріне Ресей-Украина келіссөздерінің үшінші кезеңі қашан өтетінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959556-zelenskiidin-kensesi-ukraina-men-reseidin-usinsi-kelissozderinin-merzimin-bekitti/

pixel