Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"650 мың теңге ұттыңыз": Ақтөбе тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп қалды

Опубликовано:

Ғаламтор алаяқ1
Көрнекі фото: pxhere.com

Ақтөбеде 43 жастағы азаматты "ақша ұттыңыз" деп алдап кеткен алаяқ іздестірілуде деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде алаяқтар "жалған" аккаунттар ашып, әртүрлі сылтаулармен сіздің ақшаңызды иемденуге әрекет жасауы мүмкін.

Мысалы, 8 наурыз күні 43 жастағы ақтөбелік Instagram әлеуметтік желісінде лотереядан 650 мың теңге ұтып алғаны және ұтысты алу үшін шағын сыйақы қажет екендігі туралы хабарлама алған.

Жәбірленуші еш ойланбастан өз ұтысын қолма-қол ақшаға айналдыруға асығып, күдікті жіберген банктік шотқа 19 мың теңге аударған.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматыда туристерге жалған билет сатқан әйел ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Полиция мәліметінше, 36 жастағы әйел қылмыстық іспен 2020 жылдың қаңтар айынан бастап айналыса бастаған. Оның соңғы әрекеттерін жедел уәкілдер 2021 жылдың қазан айында тіркеген.

Тергеу барысында күдікті өзін туристік компаниялардың бірінің қызметкері ретінде таныстырып, клиенттерден ақша алғаны анықталып отыр.

Оның үстінен барлығы 12 арыз келіп түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960147-650-myn-tenge-uttynyz-aqtobe-turgyny-alayaqtyn-arbauyna-tusip-qaldy/

pixel