Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейліктердің азық-түлікті Орал мен Ақтөбеден қаппен сатып алып жатқаны рас па

Опубликовано:

Азық-түлік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы әлеуметтік желіде тараған "ресейліктер азық-түлікті жаппай сатып алып жатыр" деген ақпаратқа пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұған дейін БАҚ беттерінде "ресейліктер Орал мен Ақтөбе базарларынан азық-түлікті қаппен алып жатыр" деген ақпарат тараған еді.

Осыған қатысты Батыс Қазақстан облысының шенеуніктері пікір білдіріп, мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы сауда объектілеріндегі жағдайға шұғыл мониторинг жасады. Оралдағы негізгі базарлар тексерілді, сондай-ақ азық-түлік тауарларының негізгі көтерме сатушыларынан ақпарат алынды.

Облыс тұрғындары мен көршілес елдердің азаматтары тарапынан тауарға тұтынушылық сұраныстың шамадан тыс артуы байқалмайды. Тауарларды сату әдеттегі көлемде жүзеге асырылуда.

Ірі азық-түлік жеткізушілердің бірі "Шанс" ЖШС өкілінің айтуынша, азық-түлік өнімдеріне де сұраныс артқан жоқ, сауда нысандарының қоймаларында қажетті тауарлар жеткілікті", - деді өңірлік кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасынан.

Атқарушы орган өкілдері тұрғындарды бағаны негізсіз өсіруге әкелетін әрекет жасамауға - құр дүрлікпеуге шақырады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Францияның ауылшаруашылық және азық-түлік министрі Жюльен Денорманди Украинадағы ахуал салдарынан әлемде азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін екенін ескерткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960249-reseilikterdin-azyq-tulikti-oral-men-aqtobeden-qapsyqtap-satyp-alyp-zatqany-ras-pa/

pixel