Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҰҰ: Украиналық босқындар саны 2,5 миллионнан асып кетті

Опубликовано:

Босқындар
Видеодан кадр: "Хабар 24" арнасы

Ақпан айының соңынан бастап Украинадан бас сауғалаған босқындар саны екі жарым миллионнан асқан, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Олардың басым көпшілігі әйелдер, сондай-ақ балалар мен егде жастағы кісілер. Ал 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдарға Украинадан кетуге тыйым салынған.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар жөнінде Жоғарғы комиссары басқармасының ресми өкілі Мэттью Салтмарш мәлімдеді. Оның айтуынша, Украинадан бас сауғалаған адамдардың саны 4 миллионға дейін жетуі мүмкін.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтаннан Украинаға гуманитарлық көмек тиелген алғашқы жүк керуені жолға шықты. Киев облысына бағыт алған екі жүк көлігінде 40 тонна азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім және басқа да қажетті заттар бар.

Ал бұған дейін қазақстандықтар Украинаға гуманитарлық көмек ретінде 150 млн теңге қаражат жинағаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960346-buu-ukrainalyq-bosqyndar-sany-25-millionnan-asyp-ketti/

pixel