Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар Украинаға гуманитарлық көмек ретінде 150 млн теңге жинап берді

Опубликовано:

Көмек
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандықтар Украина тұрғындарына гуманитарлық көмек ретінде ақша жинап берді. Көпшілік еріктілерге тез бұзылмайтын өнімдерді, балалар заттары мен жаялықтарды, дәрі-дәрмектерді және басқа да қажетті заттарды да ұсынуда. Бүгіннің өзінде Украинаға көмекке 150 млн теңгедей жиналған. Бұл туралы "Ел болашағы" азаматтық бастамасының еріктілері айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"ХАҚ" қоғамдық қозғалысының жетекшісі мен "Ел болашағы" азаматтық бастамасының көшбасшысы Тоғжан Қожалиеваның сөзінше, қоғам белсенділерінен Украина елшілігінің өкілдері дәрі-дәрмек жинауға көмектесуді сұраған.

Аталған өтінішті халыққа жеткен соң көпшілік белсенді түрде түрлі тауарлар әкеліп, ақша жібере бастаған.

Қажеттіліктер күн сайын өзгеріп жатыр. Бастапқыда дәрі-дәрмек қажет еді, қазір жаялықтарға сұраныс туып отыр. Бүгінде жұрт алғашқы қажеттілік заттарын ғана емес, балалар киімін, оларға арналған тағамдарды әкеліп жатыр. Киімдердің арасында сәбилердің киім-кешегі де бар.

Одан бөлек, жақында жануарларға қамқорлық жетіспей жатқаны да хабарланған еді. Енді бүгін көпшілік жануарларға арналған азықтарды да беріп жатыр.

Қазір тек қарапайым қазақстандықтар емес, заңды тұлғалар да қол ұшын созуда. Мәселен, компаниялардың бірі 10 және 19 млн теңгеге дәрі-дәрмек берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959343-qazaqstandyqtar-ukrainaga-gumanitarlyq-komek-retinde-150-mln-tenge-zinap-berdi/

pixel