Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокурор қаңтар оқиғасы кезінде қанша адамның көз жұмғанын хабарлады

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде нақты қанша адамның қаза тапқанын хабарлады.

"Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Қазақстанда қаза тапқандар саны 230", - деді ол.

Асыловтың айтуынша, олардың арасында 19 әскери және қауіпсіздік қызметкері бар.

Адам шығыны ең көп тіркелген аймақ - Алматы қаласы. Мегаполисте 139 адам қайтыс болды.

"Бүгінде әкімшілік ғимараттарға жасалған шабуыл кезінде және тәртіп орнату барысында 86 адамның көзі жойылғаны анықталды. Тағы 53 адамның өліміне қатысты тексеру жүріп жатыр. Олар қала аумағында түрлі жарақатпен табылған. Оның ішінде 48-іне оқ тиген, екеуі пышақ жарақатын алған, тағы үшеуі күйік пен жарақат алған", - деді бас прокурор.

Берік Асылов 7 өңірде әкімдік ғимаратына, полиция және ҰҚК-нің ғимаратына шабуыл жасау барысында тәртіп сақшылары 63 адамның көзін жойғанын атап өтті.

"Қазіргі уақытта 20 жазықсыз адамның оқыстан оққа ұшқанын нақты білеміз. Олардың 11-і Алматыда, 8-і Алматы облысында және біреуі Тараз қаласында", - деді бас прокурор.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетінін жазған едік.

Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960553-bas-prokuratura-qantar-oqigasy-kezinde-qansa-adamnyn-koz-zumganyn-xabarlady/

pixel