Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Омарова: Қаңтар оқиғасына кем дегенде екі жыл дайындалған

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандық құқық қорғаушы Айман Умарова мәжіліс отырысында қаңтар оқиғасы туралы тың деректер ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Омарова жаппай тәртіпсіздіктерді кәсіби дайындықтан өткен топтар басқарғанын жеткізді. Айтуынша, олардың арасында тек бейбіт тұрғындар ғана емес, арнайы қызмет мамандары мен қылмыскерлер болған.

"Бұған кем дегенде екі жыл дайындалған", - деді Айман Омарова.

"Оқиға авторларының іс-әрекеті, жүзеге асыру технологиясы кеңестік жедел қызметкерлерді даярлау мектебінің іс-әрекетіне өте ұқсас. Президенттің қоғам мен халық алдында беделін түсіру мақсатында ақпараттық дайындық жүргізілген", - деді құқық қорғаушы.

Ол бүлікшілердің мақсаты билікті күшпен басып алу болғанын сөз етті. Омарованың айтуынша, терроризм актілері орын алған.

Айта кетейік, бұған дейін бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде нақты қанша адамның қаза тапқанын хабарлады.

Сондай-ақ ол президент тапсырмасы бойынша бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу топтары құрылғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960565-omarova-qantar-oqigasyna-kem-degende-eki-zyl-daiyndalgan/

pixel