Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бүтін бір полкты қаруландыруға болады": Қаңтарда ұрланған 2000-ға жуық қару-жарақ әлі табылмаған

Опубликовано:

Қару-жарақ
Көрнекі фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов мәжілістің жалпы отырысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтарға қатысты ақпарат берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ұрланған қаруларға жеке тоқтала кетейін. Алматы және Жамбыл облысындағы екі ғана департаменттен қылмыскерлер 800 бірлік қару-жарақ алып кеткен, олардың қатарында 262 автомат, 501 пулемет, 12 гранатомет және 60 мыңнан астам оқ-дәрі бар.

Аңшыларға арналған дүкендер және құқық қорғау органдары мен арнайы органдардың қару-жарақ арсеналдарынан 3000-ға жуық қару-жарақ ұрланды. Бұлардың үштен бірі немесе 771-і ғана табылып отыр.

2000-нан астам қару-жарақ, оның ішінде автоматтар, мылтықтар, пистолеттер, гранатометтер және гранаталар әлі күнге дейін қылмыскерлердің қолында.

Бұл қарумен бүтін бір полкті қаруландыруға болады. Бейбіт тұрғындарға бұл қарудың қажеті жоқ екені түсінікті", - деп мәлімдеді Асылов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде 230 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Олардың арасында 19 әскери және қауіпсіздік қызметкері бар. Адам шығыны ең көп тіркелген аймақ - Алматы қаласы. Мегаполисте 139 адам қайтыс болған.

Сонымен қатар, еліміздің Бас прокуроры қаңтар оқиғасының хронологиясын жариялады. Оның айтуынша, бастапқыда бұл бейбіт митинг болған. Алайда митингке қатысушылар арасына түрлі экстремистер қосылып, олар наразылықты радикалды бағытқа бұрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960596-butin-bir-polkty-qarulandyruga-bolady-qantar-oqigasynda-urlangan-2000-ga-zuyq-qaru-zaraq-ali-tabylmagan/

pixel