Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура: Алматы әуежайы ұрыссыз алынды

Опубликовано:

Алматы әуежайы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еліміздің Бас прокуратурасы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы әуежайы қандай жағдайда басып алынғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы әуежайына қатысты сауалды депутат Артур Платонов қойды.

"Бұған дейін БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде Алматы әуежайы қызметкерлерінің оларды қорғау тиіс болғандардың әуежайдан кетіп қалғаны және оның ұрыссыз алынғаны туралы хабарламасы тарады. Күштік құрылымдар қорғаныс нысанын өздері берді ме, әлде командирлер бұйырды ма?", - деді мәжіліс депутаты.

Бұған қатысты жауап берген Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаровтың мәліметінше, қылмыстық істер аясында Алматы әуежайын басып алудың мән-жайы анықталып жатыр.

"5 қаңтарда күштік ведомстволар мен авиациялық қауіпсіздік қызметінің 170 қызметкері қорғану бойынша шаралар қабылдамай, ғимаратты тастап кеткен.

Өз түсініктемелерінде олар басшыларының бұйрығына бағынғанын айтты. Әскери қызметкерлердің, қызметкерлер мен олардың басшыларының іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады", - дейді Ожаров.

Оның сөзінше, әуежайды басып алғандардың жеке басы анықталуда.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болғандардың тізімі қашан жарияланады деген сауалға жауап берген еді.

Асыловтың айтуынша, алдымен толыққанды тергеу жүргізіліп, ақпарат содан кейін ғана жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960626-bas-prokuratura-almaty-auezaiy-uryssyz-alyndy/

pixel