Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасында қаза тапқандар тізімі неге жарияланбады: Асылов түсіндірді

Опубликовано:

Алматыдағы тәртіпсіздіктер
Алматыдағы тәртіпсіздіктер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов мәжілісте қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болғандардың тізімі қашан жарияланады деген сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарға қатысты сауалды депутат Снежанна Имашева қойды.

"Қоғам қайтыс болғандардың тізімі мен олардың өлім себебін талап етіп отыр... Осындай тізім бола ма?", - деді депутат.

Осы ретте, Берік Асылов билік өкілдері "Қаңтар2022" платформасындағы қайтыс болғандар тізімін зерттегенін хабарлады.

"Ол толық емес, кемшіліктері бар", - деді ол.

Сонымен қатар, Бас прокурор көз жұмғандардың толық тізімі неліктен жарияланбай жатқанын түсіндірді.

"Біз қайтыс болған адамдар тізімін ресми түрде жарияламадық. Оны жариялаудың алдында біз олардың отбасы мен туыстарына қайғы әкелеміз деп ойлаймыз. Сол себепті алдымен зерттеу керек. Біз 230 адамның қайтыс болғанын айттық және кісі өлтіру, терроризм актісі бойынша қылмыстық істер жүргізілуде...

Алдымен мән-жайын анықтап, кімнің құқықбұзушы, кімнің бейбіт шеруші болғанын зерттеу керек. Тергеу барысында біз бәрін анықтап, содан кейін ғана ақпарат жариялауымыз қажет", - деді Берік Асылов.

Еске сала кетсек, Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған 2000-ға жуық қару-жарақ әлі табылмағанын, олардың әлі күнге дейін қылмыскерлердің қолында екенін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960602-qantar-oqigasynda-qaza-tapqandar-tizimi-nege-zariyalanbady-bas-prokuror-tusindirdi/

pixel