Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-ға Ресей азаматтарының көптеп келіп жатқаны рас па: Әкімдік жауап берді

Опубликовано:

Әуежайдағы шабадан
Көрнекі фото: pixabay.com

WhatsApp мессенджерінде соңғы апталарда Ресейден Оралға көп адамның келгені туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпаратқа қатысты Батыс Қазақстан облысының әкімдігі пікір білдірді, деп хабарлайды StopFake.kz.

Автордың айтуынша, ресейліктер қалада баспана жалдап жатыр. Бірақ олардың Қазақстанға келу мақсаттары белгісіз.

Оның ойынша, туристердің көптеп келуі Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты болуы мүмкін.

Ақпаратқа қатысты Батыс Қазақстан облысының әкімдігі пікір білдірді.

"Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысында Ресей Федерациясының шекарасынан өткен туристер ағыны байқалмайды. Барлық өткізу пункттері тұрақты режимде жұмыс істеп тұр. Шекараны кесіп өткен барлық тұлғалар шекарашылар тарапынан толық бақылаудан өтеді", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін ресейліктер азық-түлікті Орал мен Ақтөбеден қаппен сатып алып жатыр деген ақпарат тараған еді.

Алайда Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960646-bqo-ga-resei-azamattarynyn-koptep-kelip-zatqany-ras-pa-akimdik-zauap-berdi/

pixel