Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Амал келді – Жыл келді": Атырауда көрісу күні қалай тойланды

Опубликовано:

Көрісу
Фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Атырауда көрісу дәстүріне арналған "Амал келді – Жыл келді" атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігі ресми сайтында.

Мерекелік жиында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңір халқын көрісу күнімен құттықтаған. 

"Тарихи тамыры тереңге бойлаған бұл салт — дана халқымыздың ұлыс болып ұйығандығының жарқын көрінісі іспетті. Ата-бабаларымыз ежелден дәл осы күні бір-бірімен қуана қауышып, амандық-саулық сұрасып, ізгі тілектерін арнап, ұлы Абайымыз айтқандай: "Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып" мәре-сәре болған. Игі дәстүр бүгінде ұлттық ерекшелігіміз ғана емес, ғасырларға жалғасып келе жатқан ұрпақтар сабақтастығының алтын көпіріне айналды", - дейді өңір басшысы.

Көрісу
Фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Осы ретте, Махамбет Досмұхамбетов, аталған дәстүрдің мән-мағынасына да тоқталып өткен.

"Көрісу — адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін ізгі амал. Көктемнің елең-алаңында басталатын Көрісу салтының өзіндік ерекшелігі — бір күнмен шектелмейді, жыл бойы жалғасады. Бұл мейрам — өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын тағылымға толы. 

Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігі табиғат-анамен тығыз байланысқан халқымыз үшін Көрісу дәстүрі —  жаңару мен жасампаздықтың бастауы. Сондай-ақ, ырыc пен берекенің арқауы деп бағаланған", - дейді облыс әкімі.

Көрісу
Фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Көрісу
Фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мерекелік іс-шарада енді тәй-тәй басып жүрген Әзиздің тұсауы кесіліп, ұлттық жоралғылар жасалып, өңірдің зиялылары мен үлкендері ақ баталарын беріп, тілектерін айтқан.

Фото
Фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Әдет-ғұрыпқа сай шашу шашылып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм ұсынылып, Қыдыр ата ақ батасын берген.

Фото
Фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, аталған амал мерекесінде халқымыздың салт-дәстүріне негізделген театрландырылған көрініс пен пен концерттік бағдарлама ұйымдастырылған.

Фото
Фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото
Фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтап, жылдың мерекелі де берекелі болуын тілеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960707-atyrauda-korisu-kuni-qalai-toilandy-foto/

pixel