Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 54-ке дейін азайды

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда өткен тәулікте 54 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 3
  • Алматы қаласы - 24
  • Шымкент қаласы - 4
  • Ақмола облысы - 3
  • Ақтөбе облысы - 3
  • Алматы облысы - 2
  • Атырау облысы - 1
  • Шығыс Қазақстан облысы - 1
  • Батыс Қазақстан облысы - 3
  • Қарағанды облысы - 3
  • Қостанай облысы - 1
  • Қызылорда облысы - 1
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 5.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 304 560-қа жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 958 адам коронавирустан жазылып шыққан.

Қазір елімізде 10 716 адам COVID-19 инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 945 пациент стационарда, 9 771 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

 89 адамның жағдайы ауыр, 26 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпенді жасанды желдету аппаратында жатыр.

Еске сала кетейік, Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бірқатар шешім қабылдаған еді.

Оған сәйкес, енді коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "сары" және "жасыл" аймақтағы өңірлерде "Ashyq" мобильді қосымшасын пайдаланудың қажеті жоқ. Одан бөлек, әлеуметтік қашықтықты сақтау, міндетті термометрия сынды талаптар да алып тасталып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960709-otken-taulikte-elimizde-qansa-adam-koronavirus-zuqtyrgan/