jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Көктемгі каникулда оқушылар қанша күн демалады

оқушы
Көрнекі фото: qazaqstan.tv

Еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің ресми Telegram каналында көктемгі каникул кезінде оқушылардың қанша күн демалатынын хабарлады.

"Келесі аптада оқушыларымыздың көктемгі каникулы басталады. Демалыс 2022 жылғы 19 наурыздан басталып, 30 наурызды қоса алғанда 12 күнге созылады.

Оқушыларымызға осы аптада жақсы оқып, тоқсандық бағаларын жақсартуларына тілектеспін", - деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі оқу жылын ұзарту туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірген еді.

Ведомстовның хабарлауынша, барлық білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты сақтауға міндетті.

Сонымен қатар, БҒМ келесі оқу жылынан бастап IT саласы бойынша білім алғысы келетін талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнінен тест тапсыратынын мәлімдеген еді.

Сондай-ақ, министрлік 2021-2022 оқу жылында бейіндік пән "Физика" болып қала беретінін хабарлады.

Дегенмен, пилот ретінде талапкерлер дайындық бағыттарына түсу үшін (Наурыздағы ҰБТ кезінде) "Математика+Информатика" комбинациясын таңдай алады.

Көктемгі каникулда оқушылар қанша күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.