Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі мектептер мен балабақшаларға Ashyq қосымшасы арқылы кіру алып тасталды

Опубликовано:

Ашық жүйесі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова білім беру ұйымдарындағы карантиндік шектеулерді алу туралы жаңа қаулыға қол қойды. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ресми сайтында хабарлады.

Жаңа құжатта "жасыл" және "сары" аймақтағы өңірлердің бәрінде оның ішінде мектептерге, балабақшаларға және басқа да білім беру ұйымдарына міндетті түрде Ashyq қосымшасы арқылы кіру алып тасталатыны жазылған.

Одан бөлек, міндетті түрде әлеуметтік қашықтықты сақтау, ғимаратқа кірерде дене қызуын өлшеу сынды талаптар да алып тасталып отыр.

Дегенмен құжатта Ashyq мобильді қосымшасын пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрия жүргізу білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін екені жазылған.

Қаулы 14 наурыздан бастап күшіне енді.

Еске сала кетейік, бұған дейін ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты бірқатар шешім қабылдаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960765-elimizdegi-mektepter-men-balabaqsalarda-ashyq-qosymsasymen-tekseru-zoiyldy/

pixel