jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Түркістан облысында өзенге құлап кеткен баланы іздестіру жұмыстары аяқталды

    іздестіру жұмыстары
    Іздестіру жұмыстары. Видеодан кадр: instagram.com/112turkistan

    Түркістан облысында өзенге құлап, батып кеткен 2018 жылғы баланы іздестіру жұмыстары ресми түрде аяқталды, деп хабарлайды өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, қайғылы жайт 2026 жылғы 23 наурызда болған. Анасының хабарлауынша, жазатайым оқиға салдарынан 2018 жылы туған ұлы Келес өзеніне ағып кеткен.

    Оқиға туралы хабар түскен сәттен бастап құтқару бөлімшелері, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер жұмылдырылып, ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылған.

    Іздестіру барысында өзен арнасы мен жағалау аумақтары бірнеше рет тексеріліп, жүзу құралдары, арнайы техника және ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылған. Жұмыс тәулік бойы жүргізіліп, су ағысының ерекшеліктері мен ауа райы жағдайлары ескерілген. Келіп түскен әрбір ақпарат мұқият тексеріліп, болжамды учаскелер қайта-қайта қаралған.

    "Өкінішке қарай, жүргізілген кешенді іздестіру шараларына және барлық күш пен құралдардың жұмылдырылуына қарамастан, нәтиже оңтайлы болмады.

    Мамандардың қорытындысы мен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, іздестіру-құтқару жұмыстары 2026 жылғы 23 сәуірде ресми түрде аяқталды.

    Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, егер іздестіру-құтқару жұмыстары бір ай ішінде оң нәтиже бермесе, судағы жазатайым оқиға қылмыстық іске қайта сараланып, тергелу ретімен құқық қорғау органдарына әрі қарай процессуалдық шешім қабылдау үшін беріледі.

    Аталған шешім барлық мүмкін болатын іздестіру шаралары толық жүргізілгеннен кейін қабылданды. Құтқарушылар тарапынан барлық қажетті шара қабылданып, қолда бар күштер мен техникалық мүмкіндіктер толық пайдаланылды", - делінген хабарламада.

    Осы орайда ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және балдарды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысы Келес ауданында 2018 жылы туған баланы іздеу бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатқанын жазған едік. Анасының айтуынша, ол 23 наурыз күні шамамен сағат 17:00-де Келес өзенінде суға құлап, батып кеткен.

    Түркістан облысында өзенге құлап кеткен баланы іздестіру жұмыстары аяқталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.