Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өңірлерде «Qolqanat» қайырымдылық акциясы өткізілуде

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев қоры
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев қоры

Наурыз мейрамы қарсаңында өңірлерде бастау алған «Qolqanat» ауқымды қайырымдылық акциясы мұқтаж қазақстандықтарға көмек көрсетіп келеді.

Акция 2022 жылдың 11-16 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан, Түркістан, Шымкент қалаларында және Алматы мен Ақмола облыстарында өткізіліп жатыр.

Бұл аралықта 1100-ден астам көпбалалы, аз қамтылған және ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы азық-түлік себеттерін алады. Әрқайсысы шамамен 65 келі болатын себетте картоп, сәбіз, пияз, қант, қарақұмық, күріш, ұн, өсімдік майы, шәй, кәмпит сияқты негізгі өнімдер бар. Сонымен қатар гигиеналық өнімдер (кір жуғыш ұнтақ, сабын, тіс пастасы және т.б.) де беріледі.

«Мұндай көмекке ризамын. Бізге бұл үлкен қолдау. Рахмет», - деді Алматы облысының тұрғыны, зейнеткер Надежда Антонова.
«Менің отбасыма кез келген көмек өте маңызды. Бізге бірталай азық-түлік әкелді. Қайырымдылыққа бей-жай қарамайтын адамдарға көп рахмет», - деді Шымкент қаласында тұратын көп балалы ана.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы бұл қайырымдылық акциясы туралы былай деді:

«Қор жобаларының ішінде қайырымдылық бастамалары ерекше орын алады. Халыққа азық-түлікпен көмектесуді бірнеше рет жасадық. Былтыр 3 рет «Елбасы жылуы» акциясы өткізілді. 2 мыңға жуық отбасыға көмек көрсетілді. Мұндай акцияларды ұйымдастыру кезінде мұқтаж жандарды анықтау, оларға өнім жеткізуді ұйымдастыру және басқа қажет жұмыстар жасалды. Бұл үшін «Дегдар» қорына, акцияны қолдап, өңірлерде еңбек еткен еріктілерге ризашылығымызды білдіреміз».

Айта кететін жәйт, бұл акция болашақта да жалғасын таппақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960834-onirlerde-qolqanat-qaiyrymdylyq-akciyasy-otkizilude/

pixel