Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраудағы атыс: Полиция күдіктіні қолға түсірді

Опубликовано:

полиция
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырауда өткен түні болған атысқа қатысты жаңа деректер пайда болды. Полиция қызметкерлері күдіктінің ұсталғанын хабарлаған, деп жазады "Прикаспийская коммуна" басылымы.

Басылымның облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, күдікті тапаншадан оқ атқан.

Салдарынан 1995 және 1999 жылы туған екі ер адам қаза тапқан.

Кейінірек, оқиға орны маңайынан тағы бір 1999 жылы туған ер адамның денесі табылған.

Сондай-ақ, 27 жастағы ер адам да жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Полицияның басылым тілшілеріне хабарлауынша, қылмыс жасады деген күдікпен 1993 жылы туған Маңғыстау облысының тұрғыны ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқиға жеке бас араздығы салдарынан болған. Қылмыстық кодекстің "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сонымен бірге, Қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес өзге ақпарат жария етілуге жатпайтыны хабарланды.

Еске сала кетсек, бұған дейін БАҚ беттерінде Атырауда атыс болып, үш адамның қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болған еді. Белгісіз біреудің автоматтан оқ жаудырғаны айтылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960921-atyraudagy-atys-policiya-kudiktini-qolga-tusirdi/

pixel