Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте тағы 78 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Алматы қаласы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-каналы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 8
  • Алматы қаласы - 33
  • Шымкент қаласы - 1
  • Ақмола облысы - 2
  • Ақтөбе облысы - 1
  • Атырау облысы - 1
  • Шығыс Қазақстан облысы - 11
  • Жамбыл облысы - 1
  • Батыс Қазақстан облысы - 1
  • Қарағанды облысы - 3
  • Қостанай облысы - 5
  • Маңғыстау облысы - 1
  • Павлодар облысы - 1
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 9
  • Түркістан облысында - 0.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 304 723-ке жетті.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 509 адам аурудан жазылып шыққан.

Қазір Қазақстанда 17 наурыздағы мәлімет бойынша 8 992 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 747 пациент стационарда, 8 245 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

75 адамның жағдайы ауыр, 14 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Еске сала кетейік, елімізде карантиндік шаралар жеңілдетілген болатын. Жаңа қаулыға сәйке, "жасыл" және "сары" аймақтағы өңірлердің бәрінде оның ішінде мектептерге, балабақшаларға және басқа да білім беру ұйымдарына міндетті түрде Ashyq қосымшасы арқылы кіру алып тасталып отыр.

Одан бөлек, міндетті түрде әлеуметтік қашықтықты сақтау, ғимаратқа кірерде дене қызуын өлшеу сынды талаптар да жойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961168-elimizde-bir-taulikte-tagy-78-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/

pixel