Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауруханада 5 ай жалғыз жатқан алматылық екі жасар бала әкесіне қайтарылды

Опубликовано:

ұлын жетектеген әке
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы ауруханаларының бірінде бес ай жалғыз жатқан екі жастағы бала отбасына оралды. Бүлдіршінің әкесі сот арқылы өзінің әкелік құқығын дәлелдеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл хабарды Тәңірберген туралы желіде алғаш мәселе көтерген Айдана Аллажарқызы Instagram парақшасында жеткізді.

"Бүгін Тәңірбергенді үйіне алып кетті. Енді оның жанында ата-әжесі, аға-әпкелері бар. Ол үшін қатты қуанып тұрмын! Өмірде бәрі қателеседі. Әр нәрсенің қайыры бар. Бастысы баланың қарны тоқ, киімі бүтін, дені сау.

Туыстары жақсы адамдар, оны жақсы көреді. Отбасы ақшадан бас тартты. Қаражатты Тәңірбергеннің атына ашылған депозитке салуды жөн көрдік. Алдағы уақытта есеп береміз. Балапанға және оның жақындарына тек жақысылық тілейік", - деп жазды ол.

Әнші Калия да бұл ақпаратты Instagram парақшасында растады. Оның айтуынша, әзірше Тәңірберген әкесі жұмыс істеп, аяққа тұрғанша әжесінің қолында Меркіде тұратын болады.

2 жастағы бүлдіршін туралы ақпарат
Скриншот: Instagram/Kaliya_kz

Еске сала кетсек, Тәңірберген туралы ақпарат желіде ақпан айының басында пайда болды.

Көп ұзамай баланың әкесі табылды. Алайда оның ешқандай құжаты болмағандықтан екі жасар бүлдіршін балалар үйіне табысталды.

Бұл оқиға қоғамда дау тудырып, көпшілік баланың жағдайына алаңдаған еді. Тәңірбергенге желі қолданушылары 800 мың теңгеден аса қаражат жинап берді. Алайда әкесі бұл қаражаттан бас тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961282-auruxanada-5-ai-zalgyz-zatqan-almatylyq-eki-zasar-bala-akesine-qaitaryldy-foto/

pixel