Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішім күйіп тұр": Бес ай бойы ауруханада жалғыз жатқан 2 жасар баланың әкесі өз шындығын айтты

Опубликовано:

ваыпып
ывыап: ываыып

Алматыдағы ауруханалардың бірінде бес ай бойы жалғыз жатқан екі жастағы сәбидің оқиғасына қатысты жаңа деректер жария етілді. "Еуразия бірінші арнасының" "Көреміз" бағдарламасына сұхбат берген сәбидің әкесі өз шындығын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Осы тақырып бойынша арнайы журналистік зерттеу жүргізген телеарна тілшілері сәбидің әкесімен тілдесті. Ер адамның айтуынша, ол - 1985 жылғы, Жамбыл облысы Мерке ауданының тумасы. Есімі - Мейірбек. Қазіргі таңда Алматы облысында жалдамалы малшы болып жұмыс істеп жүрмін, дейді азамат. Оның сөзіне сенсек, баланың анасы - Қырғызстан республикасының 36 жастағы азаматшасы.

Ер адам қазіргі таңда азаматтық некедегі әйелінің қайда жүргенін білмейтінін жеткізді.

Сондай-ақ, сұхбат барысында ол не себепті баланы ауруханаға жалғыз тастап кетіп, артынша алып кетпегенін түсіндіре кетті.

"Баланың да, менің де құжатым болмады. Райымбек даңғылына жетпей, сол маңдағы орындықтардың бірінде отырған едік, полиция қызметкерлері келді. Сол жерде өтіп бара жатқан әйел оларға қоңырау шалған болуы керек.

Тәртіп сақшылары келіп, құжатымды сұрады. "Жоқ" деп едім, баланың құжатын сұрады. Бастапқыда "құжаттарды үйге тастап кеттім" деп алдадым. Олар үйге бармақ болғанда, ниеттерін көріп, "құжаттарымыз жоқ еді", деп басымдағы жағдайды айтып түсіндірдім. Қызметкерлер мені бөлімшеге алып барды. "Бұл сенің балаң екенін қалай дәлелдейсіз?"деді.

Артынша кәмелетке толмаған балалар бөлімінің қызметкері келіп: "құжаттарыңды жасағанша бала 2-ші ауруханада болады. Оны ешкім тартып алып отырған жоқ", - деп түсіндірді", - деді ол.

Баланың әкесінің айтуынша, құжаттарын әйелі жоғалтып алған. Содан бері ол құжатты қайта жасауды құнттамадым, деп ағынан жарылды.

"Әйелім қайда қойғанын білмейді. Жоғалтып алды ма, перзентханадан шыққанда жоғалтты ма, ауруханадан шыққаны туралы құжатты жоғалтқан. Өзімізде де құжат жоқ. Баламның сегіз айлығында жұмысқа барып, қатынап жұмыс істедім. Содан жасалмай қалды. Бір барғанымда, әйеліңіздің құжаты керек" деді", - деп баяндады ол.

Оның берген дерегіне сәйкес, азаматтық некедегі әйелімен 2019 жылы танысқан. Екеуі екі жыл бойы бірге тұрған. Ал өткен жылдың шілде айында әйел туған баласы мен сәбиінің әкесін тастап, белгісіз бағытқа қарай кетіп қалған.

"Былтыр шілде айында кетіпті. Өзімнің құжаттарым болмағаннан кейін өзім де барып, іздеу салып, арыз жазған жоқпын", - дейді сәбидің әкесі.

Қазіргі таңда құзырлы органдар баланың әкесін сараптама арқылы ресми түрде анықтау жұмыстарын жүргізуде. Ал нәтижесі шыққаннан кейін, баламды әжесінің қолына табыстаймын, дейді ер адам.

"Енді алсам, әйел адам керек. Мен үйленіп, болмаса бала күтуші жалдағалы жатқан жоқпын. Ойымда тек жұмыс, бала үшін. Баламды апасының, яғни мамамның қолына беремін. Сол кісілер тәрбие берсін. Мен барып тұрамын. Халық көмек көрсетіп жатыр. Қолдап жатыр. Сол үшін барлығына рахмет! Қазір бірінші кезекте ДНК нәтижесі. Тапсырғаннан кейін, сұхбат беруге дайынмын. Сонда көңілім орнына келеді", - деп өзінің ішіндегісін бөлісті Мейірбек.

Бағдарлама барысында ер адам өзінің қазіргі эмоционалды күйі туралы да айта кетті.

"Аурухананың заңгері біледі балама барып жүргенімді. "Құжаттарыңызды тезірек дайындасаңызшы. Балаңыз сағынып жүр ғой" дейді ол. Мен де оны сағынып жүрмін. Кішкентай болса да, мені таниды балам. "Өкінбе" дейді ғой. Бірақ ішім күйіп тұр. Иә, расында ішім күйіп тұр. Өкінгенде... Неге өкінесің?! Ол тірі, аман-есен", - деді ол.

Еске салсақ, осыдан бірер апта бұрын әлеуметтік желіде қыркүйек айынан бері ауруханада жалғыз жатқан екі жасар бала туралы ақпарат тарады. Бүлдіршін жайлы алғаш болып Айдана Аллажарқызы өзінің instagram парақшасында хабарлаған.

Баласымен ауруханада жатқан келіншектің айтуынша, сәби ойыншығын, ішетін суын ала алмай, палатаның есігіне телмірумен күнін өткізген. Бұл жайт қоғамда резонанс тудырып, ел арасында қызу талқыға түсті. Одан бөлек, мәселеге құзырлы органдар араласқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955496-isim-kuiip-tur-bes-ai-boiy-auruxanada-zalgyz-zatqan-2-zasar-balanyn-akesi-oz-syndygyn-aitty/

pixel