Зектілері

"Білім және денсаулық": Нұр-Сұлтанда оқушылар айрықша жобаларын таныстырды (фото)

Жарияланған күні:

Білім және денсаулық-2022
Фото: KAZ.NUR.KZ

Нұр-Сұлтан қаласында "Білім-Инновация" ХҚҚ қолдауымен "Білім және денсаулық-2022" көрмесі өтті. Аталған шараның салтанатты ашылуына арнайы БЖҒМ вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызы және "Білім-Инновация" ХҚҚ президенті Өте Дархан Ермаханұлы қатысты.

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды "балалар жылы" деп жариялағаны баршамызға аян. Осы мақсатта оқушыларымыздың тың бастамаларын қолдауға дайынбыз. Жалпы балалардың ғылымға, білуге, жаңашылдыққа құштарлығы бізді қуантады. Бүгін осы көрмеге жиналған оқушыларымыздың әр жұмысы үлкен жетістік", -деді көрменің ашылуында алғаш болып сөз алған БЖҒМ вице-министрі Шолпан Каринова.

"Ел болашағы жастарымыздың бұл алғашқы қадамы әлемдік ірі ғылыми жобаның ашылуына сеп болады. Осындай талапты жастың білімін жетілдірген ұстаздар қауымына алғыс білдіремін", - деді "Білім-Инновация" ХҚҚ президенті Дархан Өте.

Білім және денсаулық-2022
Фото: KAZ.NUR.KZ

Көрмені тамашалауға келген жұрттың қарасы қалың. Әсіресе, балалардың ғылыми жобаларына қызығушылық танытқан қала тұрғындары мен қонақтары әр стендтке ерекше ден қойып, бар ынтасымен тыңдап, суретке түсірді.

Көрмеге "Білім-Инновация" ХҚҚ және "Білім орда" ХҚҚ қарасты бірқатар мектеп-лицей оқушыларының жұмыстары қойылды.

Көрмеде оқушылар өз жобалары арқылы замандастарын зиянды әрекеттен аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақыратынын көрсетті.

Білім және денсаулық-2022
Фото: KAZ.NUR.KZ

Сондай-ақ олар соңғы технологиялар бойынша түрлі инновациялық жобаларды құрастырып шыққан.

Айрықша туындыларға уақыты мен білімін арнаған оқушылардың еңбегі көпшілік көңілінен шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961328-nur-sultanda-oqusylardyn-airyqsa-zobalaryn-tanystyratyn-korme-otti/