Өткен тәулікте тағы 51 адамнан коронавирус анықталды
Жарияланған күні:
Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, 18 наурызда коронавирус жұқтырған тағы 51 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-каналында.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 5
- Алматы қаласы - 20
- Шымкент қаласы - 2
- Ақмола облысы - 3
- Ақтөбе облысында - 0
- Алматы облысы - 1
- Атырау облысында - 0
- Шығыс Қазақстан облысы - 4
- Жамбыл облысы - 2
- Батыс Қазақстан облысында - 0
- Қарағанды облысы - 3
- Қостанай облысы - 2
- Қызылорда облысы - 1
- Маңғыстау облысы - 1
- Павлодар облысы - 1
- Солтүстік Қазақстан облысы - 6
- Түркістан облысында - 0.
Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 304 818-ге жетіп отыр.
Сонымен қатар, өткен тәулікте 864 адам аурудан жазылып шыққан.
Қазір елімізде 19 наурыздағы мәлімет бойынша, 7 550 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 650 пациент стационарда, 6 900 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
52 адамның жағдайы ауыр, 20 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда.
13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Еске сала кетейік, елімізде карантиндік шаралар жеңілдетілген болатын. Жаңа қаулыға сәйкес, "жасыл" және "сары" аймақтағы өңірлердің бәрінде оның ішінде мектептерге, балабақшаларға және басқа да білім беру ұйымдарына міндетті түрде Ashyq қосымшасы арқылы кіру алып тасталып отыр.
Одан бөлек, міндетті түрде әлеуметтік қашықтықты сақтау, ғимаратқа кірерде дене қызуын өлшеу сынды талаптар да жойылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961566-elimizde-bir-taulikte-qansa-adamnyn-koronaviurs-zuqtyrgany-belgili-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.