Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Қасым Аманжолов: Ұлы тұлғалардың есімін арқалаған құтқарушылар жайлы не білеміз

Опубликовано:

Абай Құнанбаев
Азаматтық қорғау кіші сержанты Абай Құнанбаев. Фото: ТЖМ

ТЖМ жүйесінде қазақ халқының көрнекті тұлғаларының есімін арқалаған мамандар қызмет етеді. Олардың арасында адам өмірін құтқаруға атсалысып жүрген Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Қасым Аманжолов, Тоқтар Әубәкіров есімді қызметкерлер бар, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аты ұлы ақынның есімімен аталатын қызметкерлердің бірі - Абай Құнанбаев. Ол Азаматтық қорғау кіші сержанты, Өскемен қаласының № 6 өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істейді.

23 жастағы жігіт құтқарушылар қатарында 1,5 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қызметінен бос уақытында белсенді түрде спортпен шұғылданады және Абай Құнанбаевтың музыкалық шығармаларын шырқайды.

Ол жыл сайын музыкалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Қысқа қызмет мерзімі ішінде Абай қарауылмен бірге, газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны құрамында бірнеше рет өрт сөндіруге қатысып, 20 шақты тұрғынды эвакуациялауға атсалысқан.

Қасым Аманжолов
Қасым Аманжолов. Фото: ТЖМ

Есімі қазақтың тағы бір белгілі ақыны Қасым Аманжоловтың құрметіне қойылған қызметкер Батыс Қазақстан облысындағы № 5 өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып қызмет етеді. Азаматтық қорғау аға сержанты 1995 жылы дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарында 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Қасым білікті маман ретінде осындай арнайы техниканы жүргізіп қана қоймай, әріптестерімен бірге адам өмірін құтқаруға өз үлесін қосуда.

Махамбет Өтемісов
Махамбет Өтемісов. Фото: ТЖМ

Батыс Қазақстан облысының тағы бір тумасы - Махамбет Өтемісов. Есімі қазақтың әйгілі жырауы, күйші композиторының есімімен аттас маман ТЖМ жүйесінде 2005 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бүгінде ол қаржы және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.

ТЖМ қызметкерлерінің арасында есімі әйгілі ақын, жыршы Жамбыл Жабаевпен аттас маман да бар.

Жамбыл Жабаев
Подполковник Жамбыл Жабаев. Фото: ТЖМ

Подполковник Жамбыл Жабаев азаматтық қорғау органдарында 17 жылдан бері қызмет етуде. Ол Көкшетау техникалық институтының түлегі, РФ АҚ, ТЖ және дүлей зілзалалардың салдарын жою істері жөніндегі министрлігі Азаматтық қорғау академиясының тыңдаушысы болып табылады.

Қазіргі уақытта Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің халықты және аумақтарды қорғау басқармасының бастығы.

Асанәлі Әшімұлы
Азаматтық қорғау старшинасы Асанәлі Әшімұлы. Фото: ТЖМ

Ал Қызылорда қаласындағы №6 өрт сөндіру бөлімінде есімі елімізге танымал мәдениет қайраткері Асанәлі Әшімовпен аттас қызметкер жұмыс істейді. Асанәлі Әшімұлы - азаматтық қорғау органдарында қызметін 2004 жылы өрт сөндіруші ретінде бастаған. Қазір ол өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау старшинасы.

Азаматтық қорғау органдарында аты қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің есіммен аттас қызметкер мен курсант та бар.

Тоқтар Әубәкіров
Азаматтық қорғау капитаны Тоқтар Әубәкіров. Фото: ТЖМ

Олардың бірі - Азаматтық қорғау капитаны Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Тоқтар Әубәкіров. Ол 1994 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. ТЖМ Көкшетау техникалық институтын аяқтап, 2017 жылы Ресей Федерациясы ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясын "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаматтық қорғау саласында қызмет етіп жүргіне 9 жылға жуықтаған.

Курсан Тоқтар Әубәкіров
Курсан Тоқтар Әубәкіров. Фото: ТЖМ

Тағы бір Тоқтар Әубәкіров ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 1-курс курсанты, қазіргі уақытта "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша білім алып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961601-abai-qunanbaev-zambyl-zabaev-qasym-amanzolov-uly-tulgalardyn-esimin-arqalagan-qutqarusylar-zaily-ne-bilemiz/

pixel