Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция Ақтау тұрғындарына үндеу жасады

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Ақтау полициясы тұрғындарды алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Lada.kz құзырлы органға сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, алаяқтар тұрғындарға пәтердегі газ құрылғысын тексеруді немесе оны ауыстыруды ұсынуда. Ал бас тартқан жағдайда олар қалалықтарды жылу беруді тоқтатынын айтып қорқытуда.

Осы орайда полиция қызметкерлері Ақтау тұрғындарын сақ болуға шақырып отыр. Олардың сөзінше, пәтердегі немесе жер үйдегі газ құрылғысын арнайы мекеменің мамандары ғана тексере алады.

Бұл ретте қызметкер міндетті түрде өзінің сол мекемеде жұмыс істейтінін дәлелдейтін құжат пен техникалық қызмет көрсету үшін басқарушы компаниямен немесе серіктестікпен арадағы келісімшартты көрсету қажет.

Ал арнайы мекеме пәтерде тексеріс жүргізбес бұрын, тұрғындарды алдын-ала хабардар ететінін яғни ақпараттық стендтар мен подъездерде хабарландыру жариялайтынын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде мемлекет басшысының барлық тұтынушылық несиенің 90 пайызын кешіру туралы жарлыққа қол қойғаны айтылған видео тараған болатын. Stopfake.kz сайтының мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Шын мәнінде виедода президенттің жарлығы емес, қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев түсіндірген жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы жайында айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961848-policiya-aqtau-turgyndaryna-undeu-zasady/

pixel