Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 12-ге дейін азайды

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, 23 наурызда елімізде коронавирус жұқтырған небәрі 12 адам тіркелген, деп хабарлайды COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-каналында.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 0
  • Алматы қаласы - 8
  • Шымкент қаласы – 0
  • Ақмола облысы – 0
  • Ақтөбе облысы - 0
  • Алматы облысы - 1
  • Атырау облысы - 0
  • Шығыс Қазақстан облысы - 0
  • Жамбыл облысы - 0
  • Батыс Қазақстан облысы - 0
  • Қарағанды облысы - 1
  • Қостанай облысы -0
  • Қызылорда облысы -0
  • Маңғыстау облысы - 1
  • Павлодар облысы - 1
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 0
  • Түркістан облысы - 0.

Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 304 961-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 234 адам аурудан жазылып шыққан.

Қазір Қазақстан 6 010 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 593 пациент стационарда, 5 417 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

48 адамның жағдайы ауыр, 22 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Еске сала кетейік, елімізде эпидемиологиялық ахаулдың жақсаруына байланысты карантиндік шаралар жеңілдетілген болатын.

Жаңа қаулыға сәйке, "жасыл" және "сары" аймақтағы өңірлердің бәрінде оның ішінде мектептерге, балабақшаларға және басқа да білім беру ұйымдарына міндетті түрде Ashyq қосымшасы арқылы кіру алып тасталып отыр.

Одан бөлек, міндетті түрде әлеуметтік қашықтықты сақтау, ғимаратқа кірерде дене қызуын өлшеу сынды талаптар да жойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961853-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-12-ge-deiin-azaidy/

pixel