Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыл бойы бие байлап, қымыз сататын қарағандылық неміс жігіті туралы не білеміз

Опубликовано:

Олег Кеплинг
Видеодан кадр: Instagram/oqazaqstan

Қарағанды облысында тұратын неміс жігіті Олег Кеплинг бие сауып, қымыз сатып, отбасын асырап отыр. Жылқы бағып, одан пайда көрген ер азамат бұл кәсіпке қалай келгенін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Оян, қазақ бағдарламасына сілтеме жасап.

Олег Кеплинг - Қарағандының іргесінде орналасқан Северный ауылының тұрғыны. Ол қазақ тілінде еркін сөйлейді. Ер азамат ат құлағында ойнап, көкпар тартады, бие ұстап, қымыз сатып күн көреді. Ата дәстүрді дәріптеп жүрген Олег бұл кәсіпті қалай игергені жөнінде әңгімелеп берді.

"Жолдастарымның бәрі қазақтар. Мен солардан үйрендім. Олардан қалай жасау керегін сұрап алдым", - дейді ол.

Олег өзі сататын қымызды өңдеу жолын да айтып берді. Неміс жігіті жаңа сауылған сүтті қолдан жасалған арнайы қондырғыда жақсылап тұрып піседі екен.

"Тобылғыны жағып, қымызды ыстаймын. Балаларым да қымызды жақсы көреді. Бес бие сауамын. Қысқа жетеді. Алдағы уақытта 20-25 бие ұстаймын", - дейді ол келешекке қойған жоспары туралы.

Отбасы жыл он екі ай бойы қымыз сатып табыс табады. Бұл - олардың басты күнкөріс көзі. Мәселен, 1 литр құтыдағы дайын қымыздың құны 800 теңгеден саудаланады.

Одан бөлек, Олег Кеплингтің атбегілік өнері бар. Ер азамат ат баптап, қолы бос кезде түрлі жарыстарға қатысатынын айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961939-zyl-boiy-bie-bailap-qymyz-satatyn-qaragandylyq-nemis-zigiti-turaly-ne-bilemiz/

pixel